Ауғанстанда Өзбекстанға снарядтар құлағаннан кейін тергеу басталды

0
483

Ауғанстаннан бес реактив снаряд Өзбекстанның шекара аумағына 5 шілдеде құлаған болатын.


Ауғанстанда Өзбекстанға снарядтар құлағаннан кейін тергеу басталды

ERNUR.KZ. Ауған Сыртқы істер министрлігі "Талибан" үкіметінде Өзбекстанның шекаралас аумағына бес снаряд құлаған оқиғаға қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

СІМ өкілі Абдул Кахар Балхи бір күн бұрын шекара аймағында сегіз зымыран құлағанын, олардың бір бөлігі Ауғанстан аумағына, ал екінші бөлігі Өзбекстан аумағына түскенін айтты.

"Қауіпсіздік күштері дереу оқиға орнына жетіп, тергеуді бастады. Мұнда кінәлілерді анықтап ұстау үшін күш салынып жатыр. Іріткі салушы он ай бойы қауіп төндірмей келді, қазір зұлым әрекеттер жасап жатыр, бірақ бұл екі дос ел арасындағы қарым-қатынасты бұзбайды", - деді Абдул Кахар Балхи.

Ауғанстаннан бес реактив снаряд Өзбекстанның шекара аумағына 5 шілдеде құлаған болатын.