Ауғанстандағы ұшақ апатынан төрт адам аман қалды – БАҚ

0
544

Тағы екі адамның тағдыры әлі белгісіз.


Ауғанстандағы ұшақ апатынан төрт адам аман қалды – БАҚ

ERNUR.KZ. Құтқарушылар Ауғанстанда апатқа ұшыраған Falcon 10 ұшағын тапты, деп жазады sputnik.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, борттағы алты адамның төртеуі аман және түрлі жарақаттар алған. Тағы екі адамның тағдыры әлі белгісіз.
"Ауғанстандағы Ресей елшілігінің мәліметі бойынша: жергілікті жердегі іздестіру-құтқару қызметі Falcon 10 ұшағын тапты", - делінген Telegram арнасындағы жазбада.
Ведомство хабарлағандай, Ауғанстанда жоғалып кеткен Falcon ұшағы Ресейдің азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген.
Falcon 10 ұшағы Гая (Үндістан) - Ташкент - Жуковский бағыты бойынша чартерлік санитарлық рейсін орындаған.
Ұшақтың бастапқы ұшу орны Таиландтың Утапао әуежайы болған.
Falcon Үндістанда жанармай құйып, маршрут бойынша одан әрі ұшып шыққан, содан кейін ол радардан жоғалып кеткен.
Ресей туроператорлар қауымдастығының (АТОР) мәліметтері бойынша, бортта төрт экипаж мүшесі және ерлі-зайыпты Волгодонск қаласының тұрғындары Анна мен Анатолий Евсюковтар болған.
Тергеу комитеті екі немесе одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан қозғалыс қауіпсіздігі мен әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу туралы қылмыстық іс қозғады.