Ауырсынуды басатын дәрілердің адам психикасын бұзатыны анықталды

0
724

Британдық ғалымдар ауырсынуды басатын дәрілердің қауіптілігін анықтады.


Ауырсынуды басатын дәрілердің адам психикасын бұзатыны анықталды

ERNUR.KZ. Әсіресе, құрамында кодеин бар дәрілік заттар денсаулыққа зиян, деп жазады baq.kz.

Мамандардың айтуынша, ондай дәрілерді қатты қажет дегеннің өзінде үш күннен артық қолданбаған дұрыс. Дәрігердің бақылауынсыз ішсеңіз, бауыр, бүйрек және ұйқы безінің проблемасын тудыруы әбден ықтимал.

Кодеиннің тағы бір қауіптілігі – оған тәуелділік тудыруы. Ал зерттеушілер өз кезегінде кодеинге тәуелділік психиканың бұзылуына алып келеді деп дабыл қағуда.
Сарапшылар ауырсынуға қарсы дәрілерді қабылдаған кезде көлік жүргізбеуге кеңес береді.

Құрамында кодиені бар дәрілер есірткіге қарсы сынама тапсырған кезде көкнәрдың бар екенін көрсетеді. Қазір көп дәрілердің формуласын өзгертіп, назарды басқа жаққа аудартуға тырысады. Алайда бәрібір абай болған жөн, – деп отыр ғалымдар.