Австралияда аптап ыстықтан мектептер жабылды

0
516

Ал Сидней көшелерінде от жағуға мүлдем тыйым салынды.


Австралияда аптап ыстықтан мектептер жабылды

ERNUR.KZ. Австралияда аптап ыстықтың беті қайтпай тұр. Елдің оңтүстік-шығысында орман өрті қаупінен мектептер жабылды, деп жазады zakon.kz.

Ал Сидней көшелерінде от жағуға мүлдем тыйым салынды.

Сынап бағанасы +34 градусты көрсетіп тұр. Бұл мезгілде күннің осыншама шыжуы әдетте Австралияға тән емес.

Оның үстіне елдің Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 61 орман өрті тіркелген.

Тілсіз жаумен 500-дей маман күресіп жатыр. Өрт күшті желдің әсерінен өрши түсуі мүмкін деген де үрей бар.