Австрия Украинаның сарбаздарын оқытудан бас тартты

0
497

Олар Украинаға қару да бермейтін болды.


Австрия Украинаның сарбаздарын оқытудан бас тартты

ERNUR.KZ. Австрияның Сыртқы істер министрлігі Украина әскерилерін оқыту жөніндегі Еуропалық одақтың миссиясына қосылмайтынын мәлімдеді, деп жазады zattyq-ruhy.kz.

Австрия Еуроодақтың Украина әскери қызметкерлерін оқыту жөніндегі миссиясын қолдаса да, оған қосылмайды. Бұл туралы Австрия сыртқы істер министрі Александр Шалленберг мәлімдеді.

«Біз бұл миссияны қолдаймыз, бірақ оған қатысуды жоспарлап отырған жоқпыз», - деді Александр Шалленберг.

Сонымен қатар ол Австрияның Украинаға әскери қару-жарақ жеткізбейтінін айтты, себебі бұл елдің бейтараптық ұстанымына қайшы келеді.

Бүгін Еуроодақ елдері Люксембургте кездесу өткізеді, онда Киевке әскери көмек көрсетудің алтыншы пакеті мен Украина Қарулы Күштерінің жауынгерлерін дайындау бойынша оқу-жаттығу миссиясын бастау талқыланады.