​Автобус құздан құлап, 48 адам қаза тапты

0
1 391

Көлікте жалпы 59 адам болған.


​Автобус құздан құлап, 48 адам қаза тапты

иллюстрациялық фото: ruposters.ru

ERNUR.KZ. Үндістанның Уттаракханд штатында жолаушылар автобусы құзға құлады. Салдарынан 48 адам қаза тауып, тағы 11-і түрлі деңгейде жарақат алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Көлікте жалпы 59 адам болған. Жергілікті полиция өкілдерінің хабарлауынша, апатқа көліктегі адам санының шамадан тыс көптігі не қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

– Бұған дейін 46 адамның ажал құшқаны хабарланған еді. Алайда олардың саны әлі де өсуі мүмкін. Жарақат алғандардың үшеуі ауыр халде жатыр. Мамандар бұл апат көлікте адам санының шамадан тыс көп болуынан екенін айтады. Мен құзырлы органдарға кінәлілерді тауып, жазасын беруге бұйрық бердім, - дейді Уттаракханд штатының министрі Тривендра Сингх Рават.