Автобус жүк көлігімен соқтығысып, 20 адам ажал құшты

0
1 847

Апат Мексиканың оңтүстік-шығысындағы Пуэбла-Орисаба күре жолында болған.


Автобус жүк көлігімен соқтығысып, 20 адам ажал құшты
ERNUR.KZ. Сәрсенбі күні Мексиканың оңтүстік-шығысындағы Веракрус штаты аумағында автобус жүк көлігімен соқтығысқан, деп жазады ktk.kz.

Апат салдарынан 20 адам қаза тауып, 18-і жарақаттанды. Бұл туралы Proceso газеті өзінің сайтында хабарлады. Апат Пуэбла-Орисаба күре жолында болған.

Жергілікті Proceso басылымының мәліметінше, Веракрус штатындағы тасжолда жүк көлігі автобуспен соқтығысқан. Қоғамдық көлік салонында құдайға сыйынуға бара жатқан адамдар болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің тежегіші істен шыққан болуы мүмкін. Апат орнында дәрігерлер мен құтқарушылар бригадасы жұмыс істеуде. Жолдағы қозғалыс уақытша тоқтатылды.