Автобуста ұйықтап отырған қыздың шашына ашуланған шаштараз шыдай алмай қиып тастаған

0
2 171

Егде жастағы ер адам автобустағы жолаушы қыздың шашын рұқсатсыз қиып тастағаны үшін поицияда жауап беретін болды.


Автобуста ұйықтап отырған қыздың шашына ашуланған шаштараз шыдай алмай қиып тастаған

ERNUR.KZ. Оқиға Гонконгта орын алған. Автобуста кетіп бара жатқан ер адам алдыңғы орындықта ұйықтап отырған қыздың тым ұзын шашына ашуланған. Себебі қыздың шашы тізесіне тие беріпті. Артынша ер адам сөмкесінен қайшы алып шығып, қыздың шашын бірнеше сантиметрге қысқартып қиып тастаған, деп жазады Stan.kz.

Осы кезде оның әрекетін көрген басқа жолаушылар наразы болып, қызды оятқан. Ал шашының қиылғанын білген қыз сол жерде жылап жібереді.

Салдарынан автобус жүргізушісі полиция шақырды. Тәртіп сақшылары 65 жастағы қариядан сөмкесінде қайшының қайдан жүргенін сұрағанда, ол шаштараз болып жұмыс істейтінін айтты.