Автралияда дауылдан 9 балықшы опат болды

0
505

Тағы 11 адам құтқарылды.


Автралияда дауылдан 9 балықшы опат болды

ERNUR.KZ. Өткен аптада Австралияның солтүстік-батысында соққан Ильза дауылы кезінде 9 индонезиялық балықшы опат болды, деп жазады «Хабар 24».

Тағы 11 адам құтқарылды. Бұл туралы Австралияның Теңіз қауіпсіздігі басқармасы хабарлады. Балықшылар мінген 2 қайық дүлей желге Үнді мұхитында тап болған. Оның бірі батып кетіп, екіншісі шағын аралға жетеді.

"Әскерилер аралда адамдар барын арнайы құрал арқылы байқап қалған. Содан кейін оларды құтқару операциясына бірден кіріседі. Бірақ арал кішкентай болғандықтан, тікұшақ қона алмай, біраз қиындық туындайды. Дегенмен балықшылардың бәрі аман-есен құтқарылып, қазір ем-дом алып жатыр."- PHI Aviation компаниясының өкілі, Гордон Уотт.