Аю 50 жастағы әйелге тап берді (видео)

0
128

​Зардап шеккен әйел жануарлар үйінде жұмыс істеген, ол көптеген дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.


Аю 50 жастағы әйелге тап берді (видео)

ERNUR.KZ. Ресейдің Курск облысында жануарлар үйіндегі аю қызметкерге тап берді, деп жазады sputniknews.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан әйелдің тордың жанынан өтіп бара жатқанын көруге болады. Ол жолда тұрған таяқтан аттаймын деп, жыртқыш отырған торға тым қатты жақындап кеткен. Дәл сол кезде аю оны қолынан ұстап алып, ішке қарай тартқылайды, бір табанымен арқасынан да ұстап тұрады. Оны көрген қызметкерлер жүгіріп келіп, оны таяқпен ұра бастайды. Алайда аю қайтпайды. Ақырында әйелдің күрткесін жыртып тынады.





Оқиға Фатежск ауданында орналасқан Новые дворы ауылында болған. Осы аймақтағы тергеу басқармасының мәліметіне сәйкес, зардап шеккен әйел жануарлар үйінде жұмыс істейді. Ол жерде үй жануарларымен бірге жабайы аңдарды да ұстайды.


"Әйел аю отырған тордың жанынан өтіп бара жатқанда жыртқыштың шабуылына тап болды. Аю оны қолынан ұстап алып, өзі отырған торға тартқан. 50 жастағы әйел көптеген дене жарақатымен Курск облысының клиникалық ауруханасына жеткізілді", - дейді тергеушілер.


Тергеушілер тексеріс шараларын бастады. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады. "Фатежские будни" басылымының мәліметінше, әйелге гималай аюы тап берген.

Ал әлеуметтік желілерде тараған ақпаратта аюдың өлгені туралы айтылады. Тордың ішінде үшкір таяқ қалып қойған. Аю соған өкпесін тілгізіп алған.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет