Әзербайжанда қалаға зымыран түсті: 12 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 40-тан асады

0
623

20-дан аса ғимарат қирады, көптеген азаматтық инфрақұрылым нысандары мен қала автокөліктері зардап шекті.


Әзербайжанда қалаға зымыран түсті: 12 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 40-тан асады

ERNUR.KZ. Армения қарулы күштері Әзербайжандағы екінші ірі қала Гянджаны зымыранмен атты. Салдарынан 12 адам қаза тапты, 40-тан аса адам жарақат алды. Оқиға 17 қазанға қараған түні болды. Бұл туралы Әзербайжан президентінің көмекшісі Хикмет Гаджиев мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

20-дан аса ғимарат қирады, көптеген азаматтық инфрақұрылым нысандары мен қала автокөліктері зардап шекті. Бас прокуратура оқиға болған жерде жәбірленушілердің тізімін нақтылау бойынша тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Әзербайжан тарапының мәліметінше, Гяндж қаласына СКАД (Р-17) жедел-тактикалық баллистикалық зымыраны атылды.

Сондай-ақ, Хикмет Гаджиевтің айтуынша, Әзербайжанның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері Мингячевир қаласына жоспарланған зымыран соққысының алдын алған.


"Олар оқ жаудырып, қалаға жіберілген баллистикалық зымыранды жойды", - деп хабарлайды haqqin.az.


Өз кезегінде Армения СІМ өкілдері Әзербайжанның пилотсыз ұшақтары жұмада Армения аумағына соққы жасағанын хабарлайды.