Әзербайжанда президенттікке үміткерлер саны 6-ға жетті

0
1 109

Кезектен тыс сайлау 2024 жылғы 7 ақпанда өтеді.


Әзербайжанда президенттікке үміткерлер саны 6-ға жетті

ERNUR.KZ. Әзербайжан Президенті болуға ниет білдіргендердің саны 6 адамға жетті, деп жазады inbusiness.kz


Депутаттар Гудрат Гасангулиев пен Рази Нуруллаев кезектен тыс президент сайлауында үміткер болуға шешім қабылдады.

Гасангулиевтің кандидатурасын ол басқаратын “Бүкіл Әзербайжанның халықтық майданы" партиясы, ал Нуруллаевтың кандидатурасын “Ұлттық майдан” партиясы ұсынады.

Дүйсенбі күні олардың кандидатурасы туралы хабарланды.

Кезектен тыс президент сайлауына қазіргі президент Ильхам Әлиев, Парламент депутаттары Захид Оруж және Фазиль Мұстафа, “Ұлы Әзербайжан” партиясының төрағасы Эльшад Мұсаев қатысатыны белгілі.