​Әзірбайжан жазушысы Нұрсұлтан Назарбаев туралы роман жазып жатыр

0
1 598

4 жылдан бері Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты материалдар жинап жүрмін.


​Әзірбайжан жазушысы Нұрсұлтан Назарбаев туралы роман жазып жатыр

ERNUR.KZ. Танымал әзербайжандық жазушы-түрколог Юнус Огуз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы роман жазып жатыр. Бұл туралы қаламгер елордағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты халықаралық әдеби форум барысында айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«4 жылдан бері Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты материалдар жинап жүрмін. Меніңше, келесі жылы «Әмір Темір» туындым сияқты Нұрсұлтан Назарбев туралы роман жазып, Сіздердің назарларыңызға ұсынатын боламын», - деді Юнус Огуз.

Юнис Огуз – танымал әзербайжандық жазушы-түрколог, тарихшы, публицист, политолог және журналист. Оның көптеген ғылыми және көркем туындылары бар. Олардың ішінде «Нәдір шах», «Тахмасиб шах» және екі романнан тұратын «Әмір Темір» сынды тарихи романдары өте танымал және әлемнің көптеген тілдлеріне аударылған.