Әзірбайжанда Президентті кезектен тыс сайлау өтеді

0
1 319

Ильхам Алиев алғаш 2003 жылы Әзірбайжан президенті боп сайланған. 2008 және 2013 жылдардағы сайлауда да жеңіске жеткен. 2016 жылдың күзіндегі референдумда ел конституциясына енгізілген өзгерістерге сай Әзірбайжан президенті 7 жылға сайланады.


Әзірбайжанда Президентті кезектен тыс сайлау өтеді

Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы қарар қабылдады. Құжат сол елдің президентінің сайтында жарияланды.

Сайлау 2018 жылғы 11 сәуірде өтеді. Бұған дейін аталмыш саяси шара 17 қазанға жоспарланған болатын.

Алдағы сайлауға «Жаңа Әзірбайжан» партиясы елдің қазіргі президенті Ильхам Әлиевті ұсынатынын мәлімдеген.

Ильхам Алиев алғаш 2003 жылы Әзірбайжан президенті боп сайланған. 2008 және 2013 жылдардағы сайлауда да жеңіске жеткен. 2016 жылдың күзінде референдумда ел конституциясына енгізілген өзгерістерге сай Әзірбайжан президенті 7 жылға сайланады.

Бөлісу