БАӘ азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

0
995

Әйел өзінің талабын эмираттың шариғаттық соты Эль-Фуджайраға өткізді.


БАӘ азаматшасы күйеуін

ERNUR.KZ. БАӘ - де ер адам әйелін "қатты жақсы көргені үшін" істі болды, деп жазады Stan.kz.

Әйел өзінің талабын эмираттың шариғаттық соты Эль-Фуджайраға өткізді. Күйеуі оның әрбір айтқан өтінішін орындап, оған ешқашан қарсы шықпайды. Әйелдің өз жолдасын сотқа беруінің себебі осында жатыр. Күйеуінің махаббаты оны "тұншықтырады" екен.

БАӘ азаматшасының айтуы бойынша, күйеуі оның орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген.

"Ол ешқашан маған дауыс көтермеді, бірде бір өтінішімді жерге тастамады. Маған тыныш өмір емес, ұрыстар мен келіспеушіліктер керек. Күйеуіммен бір рет сөзге келіп қалғым келеді, бірақ ол тым романтикалық адам болғандықтан, бұл мүмкін емес дүние. Ол өмірі мені кешіреді, сыйлықтарды үйіп төгеді", — деп әйел сотта ағынан жарылды.

Өз кезегінде ер адам әйелінің шешіміне қапаланғанын айтты. Әйеліне талабын қайтарып алу туралы кеңес берді. Ол судьядан осы өтінішті әйеліне жеткізуді сұрады. Сонымен қатар, ер адамның сөзінше, бір кездері әйелі күйеуінің артық салмағы бар екенін айтып, намысына тиген. Ол әйелін қуанту үшін арықтап, диетаға отырып, спортпен айналысқан. Жаттығу кезінде аяғын сындырып алған.

Эмираттың шариғаттық соты ерлі зайыптыларға татуласу үшін уақыт беріп, істі кейінге қалдырды.