БАӘ-де құрылыс компаниясы әлемдегі ең биік 4 ғимаратты бұзды

0
1 274

Компания зәулім ғимараттарды бұзғаны үшін Гиннес рекордтар кітабына енді.


БАӘ-де құрылыс компаниясы әлемдегі ең биік 4 ғимаратты бұзды

ERNUR.KZ. Біріккен Араб әмірліктерінің астанасы Абу-Дабиде құрылысы аяқталмаған зәулім ғимараттар бұзылды, деп хабарлайды Хабар24.

Шешім қалада жаңа нысандарды салу үшін қабылданған. Осыған байланысты Абу-Дабиде биіктігі 144 метрдей болатын 4 зәулім ғимарат талқандалды. Барлық сақтық шаралары сақталды. Ал құрылыс компаниясы жарылыс заттарын қолданып, әлемдегі ең биік ғимараттарды бұзғаны үшін Гиннес рекордтар кітабына енді.

Билл О'риган, Modon Properties компаниясының бас директоры: – Бұл шара порт маңындағы аумақты дәстүрлі шығыс базарына айналдыру үшін қолға алынып отыр. Барлық базарлар біріктіріледі. Мұнда өте тартымды әрі жергілікті тұрғындар мен саяхатшылар үшін өте қолайлы нысандар бой көтереді.