Baby-boom: Германияда 23 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

0
542

Туу деңгейі 2021 жылдың ақпанынан бастап өскен


Baby-boom: Германияда 23 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

ERNUR.KZ. Германияда пандемия кезінде соңғы 20 жылдағы туу көрсеткіші бойынша рекорд тіркелді, - деп жазады Tengrinews.kz Infodig сайтына сілтеме жасап.

Висбадендегі Федералды статистика агенттігі 2021 жылдың наурызында Германияда 66 мыңға жуық нәресте дүниеге келгенін хабарлады. Соңғы рет дүниеге келген нәрестелер саны 65 мыңнан 1998 жылы наурызда асқан.

Алайда мамандардың айтуынша, мұндай бэби-бум пандемия мен оған байланысты шектеулерден емес, керісінше, былтыр мамырдағы бірінші локдауннан кейінгі жеңілдетулерден болған. Олар туу деңгейі 2021 жылдың ақпанынан бастап өскенін атап өтті. Бірақ жылдың басында көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз болған, бұл неміс мамандарына мұндай нәтижеге локдаун әкелмеді деп айтуға негіз береді.

Еске салайық, 2020 жыл Қазақстанда да жаңа туған нәрестелер саны бойынша рекорд орнатты: шамамен 460 мың сәби дүниеге келді. Алайда кейбір елде пандемия теріс ыпалын тигізді. Мысалы, АҚШ-та туу деңгейі былтыр 4 пайызға төмендеді, бұл шамамен 50 жыл ішіндегі ең нашар көрсеткіш.