Байден «құпия құжаттар» ісі бойынша қылмыстық жазадан құтылды

0
232

​Арнайы прокурор АҚШ президентінің жадының нашарлауын алға тартып, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз жоқ екенін айтқан.


Байден «құпия құжаттар» ісі бойынша қылмыстық жазадан құтылды

ERNUR.KZ. Америка жұртын 81 жастағы Джо Байден қарашада өтетін президент сайлауына тағы үміткер болуы алаңдата бастады. Өйткені Ақ үй басшысының есте сақтау қабілеті нашарлап, тіпті өз ұлының қайтыс болған уақытын ұмытып қалған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Былтыр қаңтарда Байденнің өз үйінде құпия құжаттарды сақтағаны белгілі болды. Осыған байланысты одан жауап алынды. Бірақ тергеу кезінде Байден өзінің вице-президент болған кезін, қазіргі қызметіне сайланған уақытын, тіпті ұлы Боның қайтыс болған күнін есіне түсіре алмаған.

Арнайы прокурор Роберт Хур АҚШ президентінің жадының нашарлауын алға тартып, «құпия құжаттарға байланысты істе оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз жоқ» екенін айтты.

Әділет министрлігінің 345 беттік есебінде Джо Байденнің әрекеттері «ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді» делінген.

Бірақ Джо Байден әлі алжи қоймағанын айтып, ұлының қайтыс болған күнін еске түсіре алмады деген ақпаратты жоққа шығарып отыр.