Байқоңырдан үш ресейлік ғарышкер мінген ғарыш кемесі ұшырылды

0
1 067

"Роскосмос" хабарлағандай, зымыран тасығыш Нұр-Сұлтан уақытымен 21:55-те ұшырылды.


Байқоңырдан үш ресейлік ғарышкер мінген ғарыш кемесі ұшырылды

"Союз МС-21" кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылып, Халықаралық ғарыш станциясына аттанды, деп жазады Zakon.kz.

"Роскосмос" хабарлағандай, зымыран тасығыш Нұр-Сұлтан уақытымен 21:55-те ұшырылды. Кеме қазірдің өзінде орбитаға шығып үлгерді, ол Халықаралық ғарыш станциясына үш сағаттан кейін қонады деп күтіледі. Ал алты сағаттан кейін, жоспарға сәйкес, ғарышкерлер станциясында болуы тиіс.

Кеме бортында Олег Артемьев, Денис Матвеев және Сергей Корсаков бар. ХҒС-қа жасалған экспедиция аясында экипаж ғарыштың бетіне жеті рет шығады деп күтіледі.