​БАҚ: Ким Чен Ын 15 күн бойы бой көрсетпеді

0
1 037

Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Уай-Ти-Эн телеарнасы хабарлады.


​БАҚ: Ким Чен Ын 15 күн бойы бой көрсетпеді

ERNUR.KZ. КХДР басшысы Ким Чен Ын жарты ай бойы жұрт алдына шықпады. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Уай-Ти-Эн телеарнасы хабарлады, деп жазады ktk.kz.

Бұған дейін Солтүстік Кореяның БАҚ-тарында Ким Чен Ын 30-ға жуық экономикалық нысандарды тексергенін жариялаған.

Уай ТИ-Эн телеарнасы КХДР баспасөзі мемлекет басшысының қызметі туралы жарияламай келеді, Ким Чен Ын 21 тамызда медициналық жабдықтар зауытына барып, Солтүстік Корея Халықтық қарулы күштерінің экс-министрі Ким Чен Чанның жерлеу рәсіміне қатысқаннан кейін 15 күн бойы мемлекет басшысының қызметін қамтыған жоқ деп еске салды.