Балабақша басшысының 15 жастағы ұлы алты жасар тәрбиеленушілерге қол жүгіртіп, шешіндіруге мәжбүрлеген

0
464

Оқиға Ташкент қаласындағы балабақшалардың бірінде орын алған.


Балабақша басшысының 15 жастағы ұлы алты жасар тәрбиеленушілерге қол жүгіртіп, шешіндіруге мәжбүрлеген

ERNUR.KZ. Ташкентте балабақша басшысының 15 жасар ұлы 6 жасар қыздарға қол жүгіртіп, оларды шешіндіруге мәжбүрлеп, тәрбиеленушілерді қорлағаны белгілі болды, деп жазады Stan.kz.

Порталдың мәліметінше, орта мектеп оқушысы күн сайын балабақшаға демалыс уақытында келіп, жалғыз өзі балалармен бірге дайындық тобында қалатын болған. Осылайша оларды қорқытып, арасындағы кішкентай төрт қызды шешінуге мәжбүр еткен. Арасында шетелдік азаматтың қызы да бар. Жасөспірім бүлдіршіндердің біреуі айқайлағанша тиіскен, кейін қорқып кетіп қалып жүрген.

Кешке балалар мән-жайды ата-аналарына айтып берген. Олар құқық қорғау органдарына арыз беріп, оқиға туралы журналистерге хабарлаған. Балалардың ата-аналары балабақшадағы ұйықтайтын бөлмеде камералар орнатылмағанын және тергеу күні кіреберістегі камера кенеттен жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді.

Бас прокуратура оқиғаны өз бақылауына алғанын хабарлады. Осы факті бойынша қылмыстық кодекстің 119-бабы "жыныстық қажеттілікті табиғи емес жолмен күштеп қанағаттандыру" және 25-бабы "қылмысқа дайындық және қылмысқа оқталу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Білім министрлігі №230 балабақша меңгерушісі "өз міндеттеріне жауапсыз қарағаны және балалардың өміріне қауіп төндіргені үшін"қызметінен босатылғанын айтты.