​Баланы құтқарған мигрантқа президент алғыс айтты

0
1 342

«Ол бала болғандықтан осылай еттім. Өрмелеп шықтым... Құдай қолдап құтқарып қалдым» деген ол.


​Баланы құтқарған мигрантқа президент алғыс айтты

Балконнан ілініп тұрған кішкентай баланы өрмелеп шығып құтқарып алған малилық мигрантқа миллиондаған адам тәнті болды деп хабарлайды, ERNUR.KZ. Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Мамуду Гассама бір минуттан аз уақыт ішінде төменнен төртінші қабаттың балконына өрмелеп шығып, төрт жасар баланы көтеріп алды. Соның алдында ғана көрші пәтерден шыққан кісі баланы қолынан ұстаған болатын. Сенбінің кешіндегі оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.


Франция президенті Эммануэль Макрон дүйсенбі күні Гассаманы Елисей сарайына шақырып, алғыс айтты.

Париж мэрі Анна Идальго да 22 жасар Мали азаматына рахмет айту үшін қоңырау шалды. Ол оқиға болған көшенің атымен Гассаманы «18-көшенің Спайдермэні» деп атады.

«Баланың өмірін ерлікпен құтқарған Мамуду Гассамаға алғыс білдірем. Ол маған осы жерде жаңа өмір бастау үшін бірнеше ай бұрын Малиден келгенін айтты. Мен оның ерлігі бүкіл Франция азаматтары үшін үлгі екенін, ал оның біздің елде орнығуына Париж қолдау білдіруге дайын екенін жеткіздім» деді Анна Идальго.

Гассаманың өзі журналистермен әңгімесінде көп қабатты үйдің алдында топырлап тұрған адамдарды көргенін айтты.

Le Parisien газетінің жазғанындай, «Ол бала болғандықтан осылай еттім. Өрмелеп шықтым... Құдай қолдап құтқарып қалдым» деген ол.

Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауына қарағанда, бала үйде жалғыз болған. Мәліметтер бойынша, шешесі қалада болмаған. Ал әкесі баланы қараусыз қалдырғаны үшін жауапқа тартылды.