Баланың шимайына ұқсас сурет 75 миллион долларға бағаланды

0
1 107

​Америкалық Сай Твомбли әлемдегі ең табысты суретшілердің бірі. Оның ерекше туындылары 2 миллион доллардан 75 миллион долларға дейін бағаланады.


Баланың шимайына ұқсас сурет 75 миллион долларға бағаланды

ERNUR.KZ. Баланың шимай-шатпағына ұқсас картиналарды сатып алатындар көп, деп жазады Экспресс К.

Танымал суретші Сай Твомбли 1928 жылы Италияда дүниеге келген. Ерекше тәсілмен сурет салатын оның картиналары 60 жылдардың соңында кеңінен таныла бастады.

Твомблидің салған сызбаларын көп адам түсінбеуі мүмкін. Өйткені суретшінің картиналары кішкентай баланың шимай-шатпағана көбірек ұқсайды. Соған қарамастан әлемдік мәдениеттанушылар оның шығармасына бас иіп, оған ұлы суретші деген атақ берген.


Оның салып кеткен суреттері әлі де сұранысқа ие әрі ондаған миллион долларға дейін бағаланады. Атақты суретші 2011 жылы дүние салды.