Балтамен шаш қырыққан шаштараз елді шошытты (видео)

0
2 768

ERNUR.KZ. Елді таң қалдырамын деп шошытып алды. Желіде әлдекім шаш стилисті маманының әрекеті көпшілікті шошытты.


Балтамен шаш қырыққан шаштараз елді шошытты (видео)

ERNUR.KZ. Елді таң қалдырамын деп шошытып алды. Желіде әлдекім шаш стилисті маманының әрекеті көпшілікті шошытты. Онда ер азамат бойжеткен шашын балтамен қырқады. Бұл шоуды тамашалап тұрған өзгелер видеоға түсіріп, өз ісінің маманына қошеметтерін жаудыруда. Сырт көзге өте қорқынышты көрінгенімен шаштараз соңында бойжеткеннің шашын көрсе қызарлықтай кейіпке ендіріп береді. Шаш маманының бұл әрекеті желіде қызу талқыланып, қолданушылардың айтуы бойынша шаштараз бұл қызметі үшін 100 АҚШ долларын алады екен. Мұны естіген өзге қолданушылар мұнша қаржыға бастан айырылатын шама жоқ деп мұндай маманның көмегіне жүгінбейтінін кесіп айтуда. Шаш аламын деп бас алып жіберсе ше?

«Жетпегені осы еді», «Құдайым-ау, неткен қорқынышты», «Қайшы құрып қалғандай енді балтаға көшкен бе? Қызық, егер шаш алдырушының шашы қысқа болса не істейді екен?», «Енді балтамен шаш қырқу сәнге айналған ба?», «Таза ақымақтық», «Не боп жатыр? Қай ғасырға келіп қалдық?..», «Ағаш жонғандай болды ғой. Қиналмай қайшымен-ақ қия салмады ма?» «Бассыз қалатын жағдай жоқ", "Бармас едім мұндайларға», «Зорға қарадым ғой. Неткен қорқынышты, денем тітіркеніп кетті», «Шаш ал десе, бас алатын адамның өзі ғой» деп пікір қалдырды желідегілер.

Видео: желіден алынды