Бангладештегі ең арзан киім базары толығымен өртеніп кетті

0
466

Өрт сөндіруге тіпті тікұшақ та тартылды.


Бангладештегі ең арзан киім базары толығымен өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Бангладеш астанасы Даккадағы ірі базар түгі қалмай өртеніп кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Таңертеңгі тілсіз жаудан зардап шеккендер туралы әзірге хабарланған жоқ. Дүкен иелері мен өрт күзеті өкілдерінің журналистерге хабарлауынша, Бонго Базар мен оған қарасты үш сауда ауданы тып-типыл өртеніп кеткен.

«600-ге жуық өрт сөндіруші алты сағат бойы тоқтамаған қызыл жалынмен күресті», - деп мәлімдеді өрт күзеті өкілі Ракибул Ислам.

Өрт сөндіруге тіпті тікұшақ та тартылды. Нарық Tommy Hilfiger сынды батыстың сәнді брэндтерін төмен бағамен сатуымен танымал. Олар қаланың тігін фабрикаларында тігіліп, экспорт стандарттарына сай келмей қалған киімдер.