Банкоматты тонамақ болған ұры жарылып кетті (видео)

0
805

Банкоматты бұзу үшін газ құрылғысын қолданған.


Банкоматты тонамақ болған ұры жарылып кетті (видео)

ERNUR.KZ. Петрозаводск қаласының 37 жастағы тұрғыны көп қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан банкоматты тонамақ болған, деп жазады ktk.kz.

Банкоматты бұзу үшін газ құрылғысын қолданған. Бір кезде жарылыс болған. Оқиға орнына келген құқық қорғау қызметкерлері оның мәйітінің үстінен түскен. Ал оның сыбайласы оқиға орнынан із суытқан. Қазір тергеу жүріп жатыр.

«Біз офистегі оқиғаны растаймыз. Қаражат ұрланбады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Банктің кеңсесі қалпына келтіру жұмыстарына байланысты уақытша жабылды», - делінген хабарламада.