Барак Обама: Негізі жасы келсе де биліктен кетпейтін ер адамдар проблема туғызады

0
972

АҚШ-тың бұрынғы президенті егер мемлекетті әйел басқарса, онда өмір сүру деңгейі жоғары болатын еді дейді.


Барак Обама: Негізі жасы келсе де биліктен кетпейтін ер адамдар проблема туғызады

ERNUR.KZ. Сингапурдағы форумға қатысқан Бара Обама саясатқа қайта оралу туралы сұраққа жауап берді. Ол лидерлер уақыты келгенде кетуі керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Егер сіз біздің әлемге және оның проблемаларына қарасаңыз деп қарт адамдар, яғни биліктен кеткісі келмейтін үлкен жастағы ер адамдарға айту керек. Саяси көшбасшылар жұмыс істеп жатқанын есіне өзі түсіріп отыруы қажет. Бірақ бұл билікте өмір бойы отыру дегенді білдірмейді», - дейді Обама.

АҚШ-тың бұрынғы президенті егер мемлекетті әйел басқарса, онда өмір сүру деңгейі жоғары болатын еді дейді.

«Әйелдер қауымы сіздер мінсіз емес екендеріңізді айтқым келеді, бірақ бізден жақсы басқара аласыздар. Егер әр мемлекетте бірнеше жыл әйел басқарса, онда өмір сүру деңгейінен бастап басқа да салаларда жоғарылау сатысын көретін едіңіздер», - дейді Барак Обама.

Барак Обама 2009-2017 жылдары АҚШ президенті болды. Ақ үйден кеткен соң ол әйелімен бірге әлем бойынша саяси лидерлерге көмектесу қорын құрды.