​Басында екі беті бар сәби туылды

0
3 134

Сондай-ақ оның екі миы бар болып шықты.


​Басында екі беті бар сәби туылды

ERNUR.KZ.Индонезияда бір басында екі беті бар сәби дүниеге келді. Сондай-ақ оның екі миы бар болып шықты, деп жазады Stan.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Гилан Эндика есімді ұл бала Индонезияның Батам қаласында дүниеге келген. Қазіргі уақытта нәрестенің дүниеге келгеніне 2 ай болды. Баланың бір денесі, екі аяғы мен қос қолы бар. Алайда оның егіз сыңары анасының құрсағында дамымай қалғандықтан, сәбидің басы өзгеріске ұшыраған. Мұндай ауытқу 250 мың адамның бірінде кездесетін көрінеді.

Дәрігерлердің сөзінше, баланың басына егіз сыңарының беті мен миы бірігіп кетуі, оның өміріне қауіп төндіреді. Яғни мұндай өзгеріс салдарынан сәбидің басына артық сұйықтық жинала береді екен. Жергілікті дәрігерлер сәбиге көмектесе алмайтынын айтқан. Әзірге сәби аураханада мамандардың бақылауында жатыр.

Гиланның анасының сөзінше, ол босанғанға дейін құрсағындағы сәбиінің жағдайы туралы білмеген. Ол ультрадыбыстық тексеруден үш рет өткенімен, еш ауытқу байқалмапты.

Ал баланы бақылап жүрген дәрігер оның ата-анасына Джакартадағы аурухана мамандарының көмегіне жүгінуге кеңес бергендерін айтты.