Баян-Өлгийде вакцинаның үшінші компонентін салу басталды

0
477

Баян-Өлгий аймағы бойынша вирус жұқтырғандар саны 7561 адамға жетті.


Баян-Өлгийде вакцинаның үшінші компонентін салу басталды

ERNUR.KZ. 1 қыркүйектен бастап Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші компоненті салына бастады, деп жазады Baq.kz.

Баян-Өлгий аймағында вакцинаның бірінші компонентін алған 66499 адам болса, екінші компонентін алғандардың саны 61868 адамға жеткен.

Ал осы аптадан бастап полиция, төтенше жағдайлар қызметкерлері, медицина саласының және мемлекеттік қызметкерлер қатарлы қоғаммен тығыз байланыстағы сала мамандары мен 55 жастан жоғарғы азаматтар, созылмалы сырқаты бар жандар, екіқабат аналарды үшінші компонентпен вакцинациялау басталды.

Аймақтың денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда қазірдің өзінде 365 адам Pfizer-BioNTech, Vero Cell қатарлы вакцина түрлерін алып үлгерген.