Бейнебаянында есірткі бизнесіне қатысы барын айтқан рэпер сотталды

0
1 038

Рэпер екінші қабаттың терезесінен секіріп, жасырынбақшы болған.


Бейнебаянында есірткі бизнесіне қатысы барын айтқан рэпер сотталды

ERNUR.KZ. Сот ұлыбританиялық рэпер Trapstar Toxic-ті (шын есімі - Адетокунбо Аджибола) сату мақсатында есірткі сақтағаны үшін бес жылға сотталды. Ол өзінің "кәсібі" жайлы бейнебаянда айтқан, деп жазады тengrinews.kz.

Сотта 26 жастағы әншінің кокаин мен марихуананы сату мақсатында сақтағаны дәлелденді.

"Есірткі саудасы көрсетілген Out Ere бейнебаяны сотта айғақ ретінде көрсетілген", - делінген лондондық полиция хабарламасында.

Әннің сөзінде "федералдар келген жағдайда - ол бір қадам алда болатыны" айтылған. 25 сәуірде полиция қызметкерлері Аджиболенің үйінде тінту шараларын өткізген. Рэпер екінші қабаттың терезесінен секіріп, жасырынбақшы болған. Ол гараждың шатырында ұсталды. Музыканттың үйінде есірткі, 13 мың фунт стерлинг, әшекейлер мен қымбат киімдер табылған. Лондонның Харроу ауданында сотта рэппер барлық пунктер бойынша өз кінәсін мойындағаны айтылады.