Бейжің көшелерінде робот-таксилер қатынап жүр

0
859

Әзірге робот-такси қаланың тек бірнеше ауданында қатынап жүр.


Бейжің көшелерінде робот-таксилер қатынап жүр

ERNUR.KZ. Бейжіңде робот-такси жүйіткіп жүр. Жүргізушісі жоқ көлік әзірге тек белгіленген бір бағдармен қатынайды. Қазірдің өзінде қызметтің бұл түріне сұраныс көп. Өйткені қазір оны ұялы телефондағы арнайы қосымша арқылы тегін пайдалануға болады. Көліктегі жолауышылар саны екеуден аспауы тиіс, деп хабарлайды Хабар24.

Компьютермен басқарылатын көліктер 1 ай шамасында сынақтан өтеді. Осы уақыт аралығында көлік ішінде қауіпсіздікті қадағалайтын нұсқаушы отырады. Әзірге робот-такси қаланың тек бірнеше ауданында қатынап жүр.

- Жүргізушісіз таксиге тегін мініп көруге болатынын жаңалықтардан естідім. Сондықтан осында келдім. Бұрын болмаған жаңа дүние ғой.

- Машина ішінде адам болатынын білгендіктен қорыққан жоқпын. Автоматтандырылған таксиді көргім келді.

- Жол бойы ешқандай оқыс оқиға болған жоқ, жүргізуші басқару тетігіне қол тигізбеді. Алайда төтенше бір жағдай болса, мысалы, кенеттен бөгет шыға қалса, жүргізуші көлікті өзі басқарады, - дейді қала тұрғындары.


Бұл көлікті Қытайдағы технологиялық компаниялардың бірі жасап шығарды. Жүрісі жұмсақ, жаяу жүргіншелер мен жолдағы бөгеттерді алыстан байқайды. Алайда кемшіліктері де бар. Жылдамдығы баяу және кептеліс пен ауа-райы күрт бұзылғанда көп ойланып қалады.


- Қызметімізге жұрттың қызуғышылығы жоғары. Қаланың екі ауданында 40 көлік қатынап жүр. Тапсырыстар саны күніне 400-ге дейін жетеді, - дейді компания өнімдерін пайдалану бойынша бас менеджер Ван Шэннань.


Қазірдің өзінде робот-такси Қытайдың екі қаласында қызмет көрсетуде. Бейжіңде сынақ қарашаның алтысына дейін жалғасады.