Белгілі кәсіпкер Нұр-Сұлтанға барар жолда қаза тапты

0
336

Апат кезінде көлікте бес адам болған.


Белгілі кәсіпкер Нұр-Сұлтанға барар жолда қаза тапты

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, оның ішінде Көкшетаудағы танымал кәсіпкер Владимир Свидерский бар, деп жазады tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға 25 қыркүйекте кешке Нұр-Сұлтан - Петропавл тас жолының 285-ші шақырымында болған. Range Rover автокөлігінің рөлінде отырған кәсіпкер қисық білеудің үстімен жүріп өткенде, аударылып түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлігін басқара алмай қалған.

Апат кезінде көлікте бес адам болған. Свидерский және 55 жастағы жолаушы Олег Анисимов оқиға болған жерде қайтыс болды. Тағы бір жолаушы - 1963 жылы туған Валерий Бевзова ауруханада мерт болды. Тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен Көкшетаудағы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Свидерский мен оның серіктері астанаға бет алғаны белгілі.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет