Бельгияда Санта-Клаус 61 зейнеткерге коронавирус жұқтырды

0
1 178

Қала мэрі қарттар үйіне Санта-Клаустың барғаны жақсы ниетпен жасалған қателік болғанын айтты.


Бельгияда Санта-Клаус 61 зейнеткерге коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Бельгияда Санта-Клаустың киімін киген аниматор қарттар үйіне коронавирус инфекциясын таратты, деп хабарлайды Хабар24.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Бельгияның Мол қаласындағы Хемельрайк қарттар үйінің 14 қызметкері мен 61 тұрғыны Санта-Клаустың киімін киген адамнан коронавирус жұқтырып алған. Ер адамда симптомсыз коронавирус болған.

Қала мэрі Вим Кайерс қарттар үйіне Санта-Клаустың барғаны жақсы ниетпен жасалған қателік болғанын айтты. Өйткені ол қарттар үйінің тұрғындарына рождестволық көңіл күй сыйлауға тырысқан.