Бензинмен жүретін автокөліктер сатылымы тоқтатылуы мүмкін

0
677

2017 жылы көмірқышқыл газы шығарындыларының 21%-ы көлік құралдарына тиесілі болған.


Бензинмен жүретін автокөліктер сатылымы тоқтатылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Еуропарламент 2035 жылға қарай ішкі жану қозғалтқыштары бар жаңа автокөліктерді сатылымына тыйым салуды көздеп отыр, деп жазады ulysmedia.kz.

Бұл мәселе әуелі Еуропалық кеңесте талқыланып, заң ретінде қабылдануы керек. Егер заң мақұлданса, гибридті автомобильдердің сатылымы төмендеп, жұрт жаппай электр қуатымен жүретін көліктерге көшеді.

Айта кетейік, Еуропалық Одақ – қоршаған ортаны ластау бойынша әлемдегі үшінші ірі аймақ.

Кәрі құрлық экономикасында автомобиль өнеркәсібі маңызды рөл атқарады, оның үлесіне ЖІӨ-нің 7%-ы тиесілі және 14,6 млн адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.

Десе де, көлік – парникті газ шығарындыларының өсуіне ықпал етіп отырған жалғыз сала. 2017 жылы көмірқышқыл газы шығарындыларының 21%-ы көлік құралдарына тиесілі болған.