Берлинде шешен соғысы ардагерін өлтірген киллер қазақстандық болып шықты

0
1 437

Қылмыскерді ізін суытпай ұстауға жасөспірімдердің көмегі тиген. Олар бір адамның жасанды шаш пен тапаншаны өзенге лақтырып, мопедке мініп кеткенін көрген.


Берлинде шешен соғысы ардагерін өлтірген киллер қазақстандық болып шықты

ERNUR.KZ. Германия федералды прокуратурасы ІІ-шешен соғысына қатысқан грузин Зелимхан Хангошвилидің өлімін тергеуге ниетті, деп жазады zakon.kz.

Тергеудің федералды прокуратураға өтуі Германия тергеу органдарының кісі өлімін ұйымдастыруға Ресей билігінің қатысы бар деген күдікті білдіреді, өйткені бұл орган көбіне шетелдік барлау қызметтерінің қылмысқа қатысы болған істермен шұғылданады.

Сейсенбі күні Bellingcat-та тергеу нәтижесі жарияланды, онда Хангошвилиді өлтіргені үшін қамауға алынған Вадим Красиковтің Нальчиктегі мейрамхана мен базарлардың иесі Альберт Назрановты өлтіруге қатысты істе төбе көрсеткен басты тұлғаның бірі екені айтылған.

Назрановқа бірнеше мәрте қастандық әрекеті жасалған. Ақыры ол Мәскеудегі үйінің алдына көлігін қойып жатқанда 2013 жылдың 19 маусымына қараған түні оққа ұшты. Басында қалпағы, иығында боқшасы бар киллер велосипедпен оған жақындап келеді,бір нәрсені іштей сезген Назранов оны велосипедімен қоса итеріп, қаша жөнеледі. Сол кезде оның артынан бес рет оқ атылады.

Осы іс бойынша Красиковқа 2014 жылдың 29 қаңтарында федералды іздеу жарияланады, бірақ 2015 жылдың 26 маусымында іздеу тоқтатылып, бұл ақпарат Ішкі істер министрлігінің біріктірілген деректер банкіне (ИДБ) енгізілді. Қазір бұл деректер базасында Красиков туралы ақпарат жоқ.

Красиковты Германиядағы қастандығы үшін халықаралық полиция ұйымының мұрағатындағы Интерпол базасындағы фотосуреттің арқасында ұстау мүмкін болған. Германияда ұсталғанда оның қолында Вадим Соколов деген төлқұжат болған. Красиковты қамауға алу туралы халықаралық ордер 2014 жылы Ресейдің Интерпол бюросына берілген, бірақ олар оны 2015 жылы кері қайтарып алған.

Красиков 1965 жылы 10 тамызда Қазақстанның Түркістан облысының Кеңестөбе ауылында дүниеге келген. 1980 жылдары оның отбасы Бурятияға қоныс аударды, ол сол жақта үйленіп, кейін әйелі және екі баласымен Иркутскке көшеді. 2009 жылы Красиков екінші рет үйленіп, Мәскеу маңындағы шағын қалаға көшеді. Красиковтың 2013 жылға дейін қылмыс жасаған-жасамағаны белгісіз, бірақ 2007 жылы Карелияның құқық қорғау органдары оны қылмыстық істердің бірін тергеу кезінде одан жауап алған.

Хангошвилиді 23 тамызда Берлиннің орталығында атып кетті. Жасанды шаш киген кісі тапаншасына дыбыс тұншықтырғыш қолданған. Ол велосипедпен Хангошвилиге жақындап келіп, артқы жағынан атқан, одан соң басынан атып, ары қарай жүре берген. Қылмыскерді ізін суытпай ұстауға жасөспірімдердің көмегі тиген. Олар бір адамның жасанды шаш пен тапаншаны өзенге лақтырып, мопедке мініп кеткенін көрген.

Ұсталған кезде оның қолында жалған төлқұжат болған. Онда Вадим Андреевич Соколов, 1970 жылы тамызда Иркутск қаласында дүниеге келген деп жазылған. The Insider, Bellingcat және Der Spiegel бірлескен тергеуі мұндай аты-жөн Роспаспорт деректер базасында тіркелмегенін анықтаған, сондықтан ол арнайы қызмет көмегімен Ресей шекарасын кесіп өткен деген тұжырым жасалды.

Хангошвили - Панкиси шатқалының тумасы. ІІ-шешен соғысынан кейін ол Панкисиге аяқ жарақатымен оралады. Оған Ресейдің сұрауы бойынша Интерпол іздеу жариялайды. 2008 жылы ол орыс-грузин соғысына қатысу үшін еріктілер жасағын жинайды, бірақ сол кезде грузин әскерлері кері шегініп жатқан еді. Сол жылы ол Грузия арнайы қызметтерінің көмегімен өзін Ресейге өткізіп бермек болғандардың қылмысын әшкерелейді. 2012 жылы ол грузиндік қауіпсіздік күштері мен грузин ауылының тұрғындарын тұтқындаған шешен сарбаздары арасындағы келіссөздерге қатысқан. Шешендер олардан Шешенстанға өту үшін жол ашуды талап еткен.


2015 жылы оған қастандық жасалады. Бірақ ол аман қалады, содан кейін ол бірнеше елге көшіп жүріп, ақыры Германияға тұрақтап, сол арадан саяси баспана сұрайды.