Берлиндегі қонақүйде 16 метрлік аквариум жарылды

0
796

1 500 балық көшеге шашылған.


Берлиндегі қонақүйде 16 метрлік аквариум жарылды

ERNUR.KZ. Берлин өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұма таңертең Dom Aquaree қонақүйінде 16 метрлік цилиндрлік аквариум құлап сынғанын хабарлады. Қазір одан су ағып жатыр, деп жазады sputnik.kz.

"Dom Aquaree-де 100 төтенше жағдай қызметкері бар. Аквариум зақымдалған және су ағып жатыр", - деп жазды өрт сөндіру қызметі Twitter-де.
Берлин полициясы да оқиға орнына барған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, аквариумдағы су "көшеге ағып жатыр". Германия астанасының тұрғындарын аумақты айналып өтуге шақырды.

Bild басылымының хабарлауынша, миллион литр суы бар аквариумнан 1,5 мың балық сумен бірге шашырап кеткен. Сондай-ақ екі адам жарақат алған.