Бір жасар қызымен қар үстінде ұйықтап қалған мас еркек үсіп қала жаздады

0
1 860

Кішкентай қыздың сырт киімі болмағандықтан әкесі күртешесіне орап алған.


Бір жасар қызымен қар үстінде ұйықтап қалған мас еркек үсіп қала жаздады

ERNUR.KZ. Омск қаласының тұрғындары бір жасар бүлдіршінді әкесімен бірге үсік шалып, салқындаудан құтқарып қалды. Ішімдікке тойып алған азамат кішкентай қызын өзінің күртешесіне орап алған күйі көше бойындағы күртік қардың үстінде ұйықтап қалған, деп жазады ria.ru.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, 11 қаңтар күні Омск қаласының Бархатовой көшесінің бойында қар үстінде ұйықтап жатқан азамат пен қасындағы желең киінген баланы байқаған жергілікті тұрғын бірден жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Кішкентай қыз бала аса салқындау және бас жарақатымен бірден ауруханаға жатқызылған. Ал ер-азаматтың қатты мас болғаны соншалық аталған жайтқа қатысты ешқандай түсінік бермеген. Оған қатысты қоғамдық орында мас күйде жүру дерегі бойынша полиция протокол толтырған.

Кейін белгілі болғандай 40 жастағы жігіт азаматтық некедегі әйелімен, қолындағы қыздың анасымен бірге таныстарының үйінде спиртті ішімдік ішкен. Соның салдарынан кішкентай қызбен қалай көшеде қалғанын, қыздың анасынаң қайда екенін білмей қалған.

Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шаралары барысында қыздың анасы Павлоград ауданында танысының үйінде екені белгілі болған. 11 қаңтар күні кешкісін олар бірге осы танысының үйіне бірге келуі тиіс еді. Алайда жолға қаражаттары болмағандықтан әйел көршілерінен қарыз алмақ болады да әрі қарай жалғыз кетіп қалады. Ал оның азаматтық некедегі күйеуі бір жасар қызды күртесінің ішіне тығып алып сыртқа шығып күртік қар үстінде ұйықтап кетеді. Қыз баланың үстінде сырт киімі болмаған.

«Қазіргі уақытта бүлдіршін ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Өмірі мен денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ. Алдағы уақытта баланың қайда баратыны шешілетін болады», - дейді полиция қызметкерлері.