Бішкек маңында Ми-8 әскери тікұшағы құлады

0
819

Қырғызстан Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағы оқу-жаттығу барысында қонуға мәжбүр болған.


Бішкек маңында Ми-8 әскери тікұшағы құлады

ERNUR.KZ. Бішкек маңында Ми-8 әскери тікұшағы құлады, деп жазады inform.kz.

«Жергілікті уақыт бойынша сағат 10:55-те «Фрунзе-1» әуе базасында Ми-8 әскери тікұшағы құлады. Борт 203. Экипаждың жағдайы әлі белгісіз», - делінген хабарламада.

Қырғызстан Қорғаныс министрлігінің агенттігіне хабарлағандай, Қырғызстан Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағы оқу-жаттығу барысында қонуға мәжбүр болған. Зардап шеккендер бар.

«Қорғаныс министрлігінің және әуе қорғаныс күштерінің басшылығы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Тергеу нәтижелері туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланатын болады», - деп атап өтті ведомстводан.