Блогер әйел өзінің омырау сүтін ішу арқылы жас болып қалудың құпиясын ашты

0
1 032

Блогер әйел бала күтімі кезінде ұйқысыз өткен түндердің әйел көркіне кері әсер беретінін айтып, оның алдын алу үшін өзінің омырау сүтін тұтынатынын мойындаған.


Блогер әйел өзінің омырау сүтін ішу арқылы жас болып қалудың құпиясын ашты

ERNUR.KZ. Жас ана Эмбер өзінің омырау сүтінің сұлулық пен күтім үшін таптырмас әсер беретінін айтып, оны желіде бөліскен. Ол өз сүтін шашқа, бет терісіне пайдаланудан бөлек, ішу арқылы жастық қалыпты сақтайтынын айтты, деп жазады Stan.kz.

Блогер әйел бала күтімі кезінде ұйқысыз өткен түндердің әйел көркіне кері әсер беретінін айтып, оның алдын алу үшін өзінің омырау сүтін тұтынатынын мойындаған. Әйел өз сүтін күнделікті ішеді. Айтуынша осылайша кеткен энергиясын толықтырып, шаршау мен қартаюдың алдын алады. Сонымен қатар ол тері, шаш күтімі мен тісті ағартатын құралдардың орынына өз сүтін пайдаланатынын жеткізді.

Оның бұл әрекетіне желі оқырмандары екі жақты пікір айтты. Бірі сұлулық үшін бұл тәсілді құптаған болса, бірі оның бұл ісін сынға алып, қарсылықтарын білдірді. Пкірлер арасында “сүт тіпті балаға жетпей жатады, бұл нағыз ысырап”, “бассыздық”, “мен оны ешқашан да іше алмас едім” деген сыни көзқарастар болды.