Блогерлер салық төлейді

0
1 892

Жаңа ережелерді орындай алмағандар кемінде бес миллион шилинг (2 200 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл төлейді. Немесе кемі 12 айға сотталады.


Блогерлер салық төлейді

Танзания билігі блогерлерге онлайн-контентте қайта тіркелуге екі апта уақыт берді. Жаңа ереже бойынша әлеуметтік желі белсенділері 900 АҚШ долларына арнайы лицензия сатып алуы тиіс, деп хабарлайды ERNUR.kz tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.

Лицензия алғысы келетіндер меншігіндегі акция, капитал, азаматтығы, қызметкерлердің біліктілігі, бағдарламашылардың дайындығы туралы мәліметпен бірге салық құжаттарын өткізуі қажет.

Жаңа ережелерді орындай алмағандар кемінде бес миллион шилинг (2 200 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл төлейді. Немесе кемі 12 айға сотталады.

Өз кезегінде белсенділер блогерлердің көп бөлігі тіркелмеген компанияларда жұмыс жасайтын жеке тұлғалар екендігін алға тартты. Олардың аталған ережедегі талапты орындай алмайтындығын айтады.

Танзания президенті Джон Магуфули мемлекеттік органдарға блогерлерге қарсы шара қолдануды бұйырды. Полиция видеолары әдепсіз деп танып, екі музыкантты тұтқынға алды.

Бұған дейін Уганда билігі әлеуметтік желі қолданушыларына салық төлеттіру қажеттігін мәлімдеген болатын.