Боливияда орман өрті өршіп тұр

0
1 454

Бес күн ішінде жалын қамтыған жердің көлемі 471 мың гектарға жеткен.


Боливияда орман өрті өршіп тұр

ERNUR.KZ. Боливияда орман өртіне байланысты тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бес күн ішінде жалын қамтыған жердің көлемі 471 мың гектарға жеткен. Өрт сөндірушілер отпен әлі де күресіп жатыр. Алайда аптап ыстық салдарынан жалынды ауыздықтау әзірге мүмкін болмай отыр. Осыған байланысты аймақта төтенше жағдай жарияланды. Осы ретте жергілікті билік халықты қауіпсізге жерге көшіруге кіріскен. Ал ел президенті жағдайды өз бақылауына алды. Кеше ол ұшақ арқылы қызыл жалыннан зардап шеккен аудандарды қарап шықты. Кейін өртті ауыздықтауға қосымша күш жұмылдыруды тапсырды.