Босфор бұғазында Ресей мен Түркияның жүк таситын кемелері соғылып қалды

0
610

Оқиға орнына жағалау күзетінің буксирлері жіберілген.


Босфор бұғазында Ресей мен Түркияның жүк таситын кемелері соғылып қалды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Ресейдің «Rusich 10» және Түркияның Tashin Imamoglu жүк таситын кемелері сенбі күні Босфор бұғазында соғылып қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Түркияның жағалау күзеті мәлім етінше, апат салдарынан ешкім зардап шекпеген, тек кемелерге ғана зақым келген.

Оқиға орнына жағалау күзетінің буксирлері жіберілген.