Бразилияда есірткі тасығыш көгершін ұсталды

0
1 762

Қолға үйретілген құстың арқасына ілінген шағын сөмкеде атышулы қылмыстық топтың белгісі болған.


Бразилияда есірткі тасығыш көгершін ұсталды

ERNUR.KZ. Бразилия абақтысының тәртіп сақшылары есіркі таситын көгершінді ұстады, деп жазады «Хабар 24».

Қолға үйретілген құстың арқасына ілінген шағын сөмкеде аймақтағы атышулы First Capital Command атты қылмыстық топтың белгісі бар. Болжам бойынша олар көгершінді есірткі тауарын немесе қылмыстық топ мен қамауда отырғандар арасында құпия хат-хабар жеткізу үшін қолданған. Алайда тергеу ісі әзірге еш нәтиже берген жоқ.