Бразилияда лай көшкінінен 12 адам ажал құшты

0
978

Теміржол қатынасы тоқтатылып, мектептер уақытша жабылды.


Бразилияда лай көшкінінен 12 адам ажал құшты

ERNUR.KZ. Бразилияның Пернамбуку штатында толассыз жауған жауын соңы су тасқыны мен лай көшкініне ұласты, - деп жазады «Хабар 24».

Салдарынан 12 адам қаза тапты. Бұл туралы елдің солтүстік-шығыс өңіріндегі құтқару қызметі хабарлады. Штаттың бас қаласы Ресифиде бірнеше көпір қиратылған. Тұрғын үйлер мен ғимараттар су астында қалып отыр. Теміржол қатынасы тоқтатылып, мектептер уақытша жабылды. Метеорологтардың хабарлауынша, өңірде соңғы бес күнде жауған жаңбыр 241 мм-ді құраған. Бұл дегеніңіз, шілде айының нормасы бойынша 20 күндік жауынды құрауы тиіс еді. Мамандар құтқару-іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.