Британдық ғалым коронавирустың болашақта неге айналатынын айтты

0
758

Профессор пандемияның ең ауыр кезеңдері артта қалды деп ойлайды.


Британдық ғалым коронавирустың болашақта неге айналатынын айтты

ERNUR.KZ. Шығыс Англия университетінің Норвич медицина мектебінің профессоры Пол Хантер COVID-19 болашақта тұмауға айналуы мүмкін екенін айтты, деп жазады baq.kz.

Маманның пікірінше, карантин алынғаннан кейін Ұлыбританиядағы жұқтыру деректері күн сайын азайып барады.

Хантер әлем елдерінің коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетке қол жеткізе алмайтынын, бірақ иммунитет пен инфекция арасында тепе-теңдік орнайтынын алға тартты.

Оның айтуынша, COVID-19 симптомдары біртіндеп жұмсарып келеді. Ол қазіргі ауырған науқастарда анық байқалады. Қазіргі «дельта» штамы жөтел мен мұрыннан су ағуымен көрініс табуда. Бұл індеттің жеңілдегінін көрсетеді.

Жаңа штамдар әлдеқайда жұқпалы. Олар адам бойындағы иммунитетін жеңе алады. Алайда, дельта штамы вирустың соңғы нүктесіне айнаулы мүмкін, - деді Хантер.

Профессор пандемияның ең ауыр кезеңдері артта қалды деп ойлайды. Дегенмен, вакцинаның тағы бір легі қажет болатынын ескертті.