Будапештте Пласидо Доминго мен Димаш Құдайбергеннің дуэті шырқалды

0
1 987

Жобаның 2023 жылғы маусымға арналған шығарылымы 29 желтоқсаннан бастап Duna-да жұма күні кешке көрсетіле бастады.


Будапештте Пласидо Доминго мен Димаш Құдайбергеннің дуэті шырқалды

ERNUR.KZ. Музыканттар Жорж Бизенің "Інжу-маржан жинаушылар" операсынан Надир мен Зурганың "Au Fond du Temple Saint" дуэтін орындады, деп жазады inbusiness.kz.

2024 жылдың 19 қаңтарында "Virtuosos V4+" шоуының ресми You-Tube арнасында 2023 жылғы байқау финалының бірінші бөлімі шықты. Финалдың бірінші бөлігінде Димаш 20 ғасырдың ең ұлы даусы маэстро Пласидо Домингомен дуэт орындады

Dimashnews.com мәліметінше, Virtuosos V4+ – өзгеше форматты классикалық музыка алаңындағы таланттар шоуы. Ол жас әртістердің талантын ашуға және жас музыканттардың дамуына мүмкіндіктер беретін ерекше шоу. Сонымен қатар осы шоу арқылы классикалық музыканы көптеген әлеуметтік топтар мен бағытта таратуды көздейді.

Байқау Венгрияның жетекші музыкалық жоғары оқу орны – Будапешттегі Франц Лист атындағы музыка академиясында өтеді.

Жобаның 2023 жылғы маусымға арналған шығарылымы 29 желтоқсаннан бастап Duna-да жұма күні кешке көрсетіле бастады. Классикалық музыка таланттары шоуының екі бөлімнен тұратын финалы 19 және 26 қаңтарда көрсетіледі. Мұнда он бір жас виртуоз классикалық музыка бойынша деңгейлерін көрсетеді.

Халықаралық қазылар алқасының төрағасы биыл тағы да маэстро Пласидо Доминго, ал қазылар алқасының мүшелері – Эрика Миклос және Андраш Келлер.

Жаңа маусымда халықаралық қазылар алқасының құрамына қазақстандық әнші Димаш Құдайберген кірді. Сонымен қатар, әнші кіші Пласидо Доминго, гитарист Пабло Сайнц Вильегас, Чески Крумлов атындағы халықаралық музыка фестивалінің көркемдік жетекшісі Габриэла Рачиди, продюсер Харви Голдсмит және танымал виолончельист Степан Хаузер бар