Бұғы өзін атқан аңшыны сүзіп өлтірді

0
2 852

Аңшыны емханаға жеткізгенімен ол сол жерде көз жұмған.


Бұғы өзін атқан аңшыны сүзіп өлтірді

ERNUR.KZ. Американың Арканзас штатында аңшыны бұғы сүзіп өлтірді, деп жазады baq.kz.

Соңы қайғымен аяқталған оқыс оқиға Йелвилл қаласы маңында болған.

"Мен осы штаттың аңшылық және балық аулау мәселесі жөніндегі комиссияда 20 жылдан бері жұмыс істеп келемін, алайда бұл менің тәжірибемдегі өте қызық жағдай болды", - деді комиссия өкілі Кит Стивенс.

Оның айтуынша, 66 жастағы Томас Александр бұғыны атып түсірген. Аңшы бұғының өлгенін тексеру үшін жанына келгенде жануар оның өзіне тап берген.

Жарақат алған ер адам туыстарына қоңырау шалған, ал олар өз кезегінде құтқарушыларға хабарласқан. Александрды емханаға жеткізгенімен ол сол жерде көз жұмған.

Дегенмен, аңшылық пен балық аулау мәселесі жөніндегі комиссия ер адамның бұғы шабуылынан қаза тапқанына күмәнмен қарайды.