Бұрын белгісіз болған содырлар ұйымы пайда болды

0
1 714

Ирактың солтүстігінде бұрын белгісіз болған содырлар тобы пайда болды. Ирактың билікке жақтас күштері Салах әд-Дин провинциясының солтүстігіндегі Тұз-Хурмату қаласы төңірегінде жаңа пайда болған терористік ұйымдың соңына түсті деп хабарлайды ТАСС агенттігі Al Mayadeen арнасына сілтеме жасап. Ұйым өздерін «Риад әл-Бейда» ( «Ақ жалау») деп атапты.


 Бұрын белгісіз болған содырлар ұйымы пайда болды

Ирактың солтүстігінде бұрын белгісіз болған содырлар тобы пайда болды. Ирактың билікке жақтас күштері Салах әд-Дин провинциясының солтүстігіндегі Тұз-Хурмату қаласы төңірегінде жаңа пайда болған терористік ұйымның соңына түсті деп хабарлайды ТАСС агенттігі Al Mayadeen арнасына сілтеме жасап. Ұйым өздерін «Риад әл-Бейда» ( «Ақ жалау») деп атапты.

Арна таратқан мәлімет бойынша содырлар сол маңдағы Ирак әскерінің жағында шайқасатын шиға жасақтарының бекіністеріне шабуылдап отырған. Бағдат билігі жақтастарын қолдау үшін елдің солтүстігіне қосымша күш жіберуге мәжбүр болды.

Содырлар Иракқа Шамнан келген болуы ықтимал деген болжам да бар. Al Mayadeen телеарнасының дерегі бойынша «Риад әл-Бейда» ұйымы жақсы қаруланған тәжірибелі жауынгерлерден тұрады. Құрамы бес жүздей адам. Дені күрдтер. Арасында ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) қатарында соғысқан араб жалданбалы сарбаздары да бар. Ұйымның Ақ жалауында арыстанның басы бейнеленген екен.