​БҰҰ бас штабы Қазақстанда бюро құру бастамасын қолдап отыр

0
1 270

ERNUR.KZ. БҰҰ-ның Нью-Йорктегі бас штабы Қазақстанда аталмыш қауымдастықтың Халықаралық азық-түлік және ауылшаруашылық бюросын құру туралы бастамасын құптап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​БҰҰ бас штабы Қазақстанда бюро құру бастамасын қолдап отыр

ERNUR.KZ. БҰҰ-ның Нью-Йорктегі бас штабы Қазақстанда аталмыш қауымдастықтың Халықаралық азық-түлік және ауылшаруашылық бюросын құру туралы бастамасын құптап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz порталына сілтеме жасап.

Айта кетейік, өткен аптада мәжіліс осындай құжатты ратификациялаған еді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы Қазақстанмен 2014 жылдан бастап бірқатар келіссөз жүргізе бастады.

Мақсат – ауыл шаруашылығы саласын жан-жақты дамыту. Бүгінде ұйымның Нью-Йорктегі тұрақты өкілдігі Қазақстанмен ынтымақтастыққа жоғары баға беріп отыр.

Себебі елімізде экологиялық таза өнімдер мол және фитосанитариялық қадағалауға басымдық берілген.