Чарльз ІІІ ресми түрде Ұлыбританияның патшасы атанды

0
622

​6 мамырда Ұлыбританияда Чарльз ІІІ патшаға тәж кигізу рәсімі өтті.


Чарльз ІІІ ресми түрде Ұлыбританияның патшасы атанды

Осы күннен бастап Чарльз Филипп Артур Джордж ресми түрде Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның патшасы атанды, деп жазады Stan.kz.

Салтанатты рәсім 2 сағатқа жалғасты. Рәсімге патшаның отбасы, Лордтар палатасының мүшелері, 203 елдің өкілдері мен бірнеше елдің президенттері қатысты.

Чарльз ІІІ мен оның жұбайы Букингем сарайынан Вестминстер аббаттығына Diamond Jubilee күймесімен келді.

Тәж кигізу кезінде монархтың билігін білдіретін "держава", қылыш, асатаяқ, зәйтүн майын жағуға арналған күміс жалатылған қасық, Британия империясы мен Қасиетті Эдуардтың тәждері қолданылды.

Қасиетті Эдуартың тәжі 1661 жылы алтыннан дайындалған, ал салмағы екі келіден асады. Алдымен Чарльз ІІІ-ге Қасиетті Эдуард тәжін кигізді.

Тәж кигізу рәсімінде кернейден музыка ойналып, әскерилер қарудан оқ атты. Осыдан кейін Чарльз ІІІ Ұлыбританияның патшасы атанды. Дәл осы рәсімді патшаның жұбайы Камиллаға да өткізеді.